Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар БПҰ төрағаларымен кездесті
Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар БПҰ төрағаларымен кездесті Онлайн форматта өткен кездесу барысында Гүлмира Асқарқызы мен Абзал Қасымұлы партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. "2020 жыл біз үшін үлкен сынақ жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертті, көптеген мәселелерге басқаша қарауға мәжбүр етті және біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - адамның өмірі мен денсаулығы екенін тағы бір дәлелдеді"-деп басталған кезекті кездесуде дамыдың жеті бағыты айтыла кетті. Олар: экономикалық тұрақты аймақ, қолайлы аймақ, әлеуметтік-бағдарланған аймақ, жастарға арналған аймақ, тарихы мген мәдениеті бай аймақ, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аймақ.
