Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат әлеуметтік желіде қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді.
2021 жылы 8 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Әбдібекова Әсел Қырықбайқызы әлеуметтік желіде қала тұрғындарымен тікелей эфир өткізді. Эфир барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Өз сөзінде «Тұратын жеріне қарамастан, барлық тұрғындардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау - «Nur Otan» партиясының негізгі міндеті.
Партия білім, денсаулық және әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту үшін нақты, тәжірибелік жұмысты жалғастырады.
«Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және аға буынның белсенді ұзақ өмір сүрулері үшін жағдай жасау мәселелеріне ерекше көңіл бөледі»,- деп атап өтті.
Тікелей эфирдің соңында эфирге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
