Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыстық конференцияға делегаттар сайланды

«Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Бигелдиев Махаббат Сәдуақасұлының қатысуымен аудандық партия филиалының кезектен тыс XXVII конференциясы өтті. Конференцияға 37 делегат қатысып, делегаттар толығымен қатысты.

Конференция барысында ауданның сайлауалды бағдарламасы мен партиялық тізім бекітіліп, дебат ұйымдастырылып, делегаттар дебат қатысушыларына «Праймериз» жүйесі арқылы дауыстарын беріп, жеңімпаздар облыстық конференцияға жолдама алды. Сондай-ақ, облыстық конференцияға делегаттар сайлап, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі М. Бигелдиев аудандық сайлауалды штабтың төрағасы мен орынбасарын таныстырды. Конференция соңын аудан әкімі қорытындылап, алда келе жатқан саяси науқанға жұмыла кірісуге шақырды.

0
0
101

Осы тақырып бойынша

Облыстық конференцияға делегаттар сайланды - Yvision.kz