Облыстық дөңгелек үстел отырысы
2017 жылдың 19 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен бекітілген қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған Кешенді жоспары аясында «Құқық қорғау органдарының тиімділігін бағалаудың бірыңғай жүйесі: негізгі көзқарастары және белгілері» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына «Нұр Отан» партиясының БҚОФ-ның Орал қалалық филиалы, «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, үкіметтік емес ұйымдар, депутаттар және студенттер қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Электронды әкімшілік ісі», «Құқық қорғау органдарының жұмысын бағалаудағы негізгі проблемалар», «ҚР құқық қорғау органдарының кадрлық құрылымын қалыптастырудағы принциптер мен көзқарастар», «ҚР құқық қорғау органдарының жүйесінде орын алған реформалар» тақырыптарында баяндамалар оқылды.
Дөңгелек үстел шеңберінде қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
