Облыстық ауруханада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 қазанында облыстық аурухананың конференц-залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға қатысты семинар өткізілді.
Семинарға дәрігерлер, медбикелер және азаматтық қызметшілер қатысты.
Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Ербол Жұмабай ұстаздарға іс-шараның мақсаты, Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Ақмарал Сванбаева «Әлеуметтік құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлық түсінігі және жемқорлыққа төзбеушілік идеясы» тақырыптарында дәріс оқыды.
Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша, республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы және Департамент басшысының www.anticorruption-mangystau.kz ресми порталындағы блогына өтініш түсіру мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

