Облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері жастармен кездесті
2020 жылдың 21 қаңтар күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті жанындағы облыстық ақпараттық-насихат Штабының мүшелері Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттерімен кездесу өткізді.
Шараға облыстық ақпараттық-насихат Штабының (бұдан әрі – Штаб) мүшелері М.Ә.Мұхамбетов, М.Т.Әнесов, еңбек ардагері Ғ.Хаймулдин, «Ақжайық – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Ө.Салиева, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.
Өз кезегінде, облыстық Штабтың мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Ә.Мұхамбетов қатысушыларды облыстық Штабтың жұмысымен таныстырып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған шараларға белсенді түрде қатысуға шақырды.
Шара соңында Университет оқытушысы Т.Х.Рахметов университет тарапынан осы бағытта атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталып, облыстық ақпараттық-насихат Штабының жұмысына сәттілік тіледі.
