Облыста атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа форматы талқыланды✅
✅
✅✅✅2019 жылдың 25 желтоқсан күні БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментімен бірлесіп, уәкілетті органдардың өкілдерімен (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, сонымен қатар аудан әкімдері аппараттарының басшылары, "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ филиалы) бейнеконференц-байланысы арқылы АӘК берудің жаңа форматын талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.✅✅✅
✅2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға және атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну әдістерінің өзгеретіндігі бәрімізге белгілі. БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді, анықталған тәуекелдер уәкілетті органдар өкілдеріне анықталған тәуекелдер ұсынылды, сонымен қатар әлеуметтік қамсыздандыру және мемлекеттік қызмет көрсету саласында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында қызметкерлермен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.✅
✅Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 11 айында облыс бойынша 12 206 отбасыға (59 436 адам) 5,6 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген. 💯 Ал атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматына сәйкес, барлық көпбалалы отбасылвр үшін олардың табысына қарамастан мемлекеттік жәрдемақы мен табысы аз отбасылардан шыққан балаларға арналған кепілдірілген әлеуметтік пакет енгізілген.💯
✅ Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер туралы түсіндірілді.
💯✅ Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.Р.Хайруллина лауазымдық міндеттерін орындау барысында Әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.
