Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Облыс әкімдігінде дөңгелек үстел өткізілді В акимате области проведен круглый стол

2019 жылдың 18 қазан күні облыс әкімдігінде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпұлттық қозғалыс» РҚБ төрағасы О.Ә.Әбдікәрімовтің төрағалығымен «Қазіргі кезеңдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері: мемлекет пен қоғамның өзара әрекеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаментінің басшысы Р.С.Ақмырзаев, облыстық департамент және басқарма басшылары, бизнес, халықаралық, үкіметтік емес ұйымдардың, сараптамалық және ғылыми қоғамдастықтар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел жұымысын облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев ашып, өңірдегі осы бағытта атқарылып жатырған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.

Сонымен қатар, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев «Қазіргі таңда Агенттік бастамасымен қоғам өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнату арқылы қоғам мен мемлекет арасындағы арақашықтықты мейлінше қысқарту мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарға және ашық, транспарентті, қоғам алдында есеп беретін мемлекет құру бағытындағы жұмыстардың алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын» атап өтті.

Сонымен қатар, шара барысында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне қарсы тұрудың тиімділігіне әсер ететін ережелер талқыланып, қоғамға қарсы құбылыстың салдарын барынша азайту жан-жақты талқыланды.

2019 jyldyń 18 qazan kúnі oblys ákіmdіgіnde «Jańarý» sybaılas jemqorlyqqa qarsy jalpulttyq qozǵalys» RQB tóraǵasy O.Á.Ábdіkárіmovtіń tóraǵalyǵymen «Qazіrgі kezeńdegі sybaılas jemqorlyqqa qarsy іs-qımyldyń ózektі máselelerі: memleket pen qoǵamnyń ózara áreketі» taqyrybynda dóńgelek ústel ótkіzіldі.

Sharaǵa Batys Qazaqstan oblysynyń ákіmі Ǵ.N.Esqalıev, QR Sybaılas jemqorlyqqa qarsy іs-qımyl agenttіgіnіń (Sybaılas jemqorlyqqa qarsy qyzmet) BQO boıynsha departamentіnіń basshysy R.S.Aqmyrzaev, oblystyq departament jáne basqarma basshylary, bıznes, halyqaralyq, úkіmettіk emes uıymdardyń, saraptamalyq jáne ǵylymı qoǵamdastyqtar men BAQ ókіlderі qatysty.

Dóńgelek ústel juymysyn oblys ákіmі Ǵ.N.Esqalıev ashyp, óńіrdegі osy baǵytta atqarylyp jatyrǵan jumystarǵa qysqasha toqtalyp óttі.

Sonymen qatar, BQO boıynsha Sybaılas jemqorlyqqa qarsy qyzmet basshysy R.S.Aqmyrzaev «Qazіrgі tańda Agenttіk bastamasymen qoǵam ókіlderіmen tyǵyz qarym-qatynas ornatý arqyly qoǵam men memleket arasyndaǵy araqashyqtyqty meılіnshe qysqartý maqsatynda atqarylyp jatyrǵan jumystarǵa jáne ashyq, transparenttі, qoǵam aldynda esep beretіn memleket qurý baǵytyndaǵy jumystardyń aldaǵy ýaqytta da óz jalǵasyn tabatynyn» atap óttі.

Sonymen qatar, shara barysynda sybaılas jemqorlyqtyń kez-kelgen kórіnіsterіne qarsy turýdyń tıіmdіlіgіne áser etetіn erejeler talqylanyp, qoǵamǵa qarsy qubylystyń saldaryn barynsha azaıtý jan-jaqty talqylandy.

18 октября 2019 года в областном акимате под председательством председателя РОО «Общенациональное движение против коррупции» «Жаңару» Абдикаримова О.А. проведен круглый стол на тему: «Актуальные вопросы противодействия коррупции: взаимодействие общества и государства».

В мероприятии приняли участие аким Западно-Казахстанской области Г.Н.Искалиев, руководитель Департамента Агентства РК по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) по ЗКО Р.С.Акмырзаев, руководители областных департаментов и управлений, представители бизнеса, международных и неправительственных организаций, научного сообщества и СМИ.

Аким области Г.Н.Искалиев, открывая работу круглого стола, коротко остановился о проделанной работе в этом направлений.

Кроме того, руководитель Антикоррупционной службы по ЗКО Акмырзаев Р.С. отметил, что «В настоящее время, по инициативе Агентства в целях максимального сокращения расстояния между обществом и государством налаживаются тесные контакты с представителями общества, а также в дальнейшем будет продолжена работа по созданию прозрачного, транспарентного, подотчетного обществу государства».

Кроме того, в ходе мероприятия обсуждены положения, влияющие на эффективность противодействия любым проявлениям коррупции, а также вопросы минимизации последствий этого явления.

1
0
272

Осы тақырып бойынша

Облыс әкімдігінде дөңгелек үстел өткізілді В акимате области проведен круглый стол - Yvision.kz