Облыс әкімдігінде «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының орындалу барысы туралы жиын өтті
2019 жылдың 18 қаңтарында БҚОәкімдігінің«Ақжайық» мәжіліс залында Облыс әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұловтың төрағалығымен «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының сапалы, әрі тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағындағы мемлекеттік орган басшыларының қатысуымен кезекті отырыс өтті.
Жиында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл АгенттігініңБҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов Жобаны іске асыру мәселелері мен ұйымдастыру бойынша ақпарат берді.Жоба басшысы О.Насимуллин жиынға қатысушыларға «Ақжайық – адалдық алаңы»жобасының алға қойылған мақсаттары мен міндеттері туралы баяндады.
Сонымен қатар БҚО әкімінің орынбасары Ғ.Оспанқұлов аталған жобаны сапалы және тиімді іске асырылуына, барлықмемлекеттік орган басшыларының ат салысуын шақырды.
