Облыс әкімдігі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне арналған оқыту семинары
Ағымдағы жылдың 20 ақпанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің өкілдерімен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Ақжайық» кіші мәжіліс залында, аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы мен мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша оқыту семинары өткізілді.
