Оқыту семинар-тренингі өтті
2017 жылдың 20 қыркүйек күні Бөрлі және Шыңғырлау аудандары әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға жауапты ауданның мемлекеттік органдары мен ұйымдарының қызметкерлеріне арналған оқыту семинар-тренингі өтті.
Семинар-тренинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің өкілі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидасы түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.
