Оқы оқы...
Жалпы Ұлттық бірыңғай тестілеу - жоғары оқу орындарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны. Бірақ, ҰБТ десе, әрбір түлектің шашы тік тұратыны анық. Бұл емтиханның қорқынышқа айналғаны соншалық,мектеп түлектеріміз қиын жолдан тайынбай өту әдістерін қарастыруды бастаған. Арнайы репетитор жалдап, тест тапсырмаларымен жұмыс істеп, оқу әдістемелеріне жүгінуде. Былайша айтқанда, кітапты басынан оқу процесі.
Ал, Алматылық Марғұлан Ерболұлы мен Ертай Тасқын математика мен физика пәндерінен қосымша сабақ жүргізуді осыдан 3 жыл бұрын бастаған. Яғни, мектеп бітіруші түлектерге осы пәндерден туындаған сұрақтар мен шеше алмаған есептеріне көмек көрсетіп келеді.
- Тіпті, өзімiзбен жасты оқушыларға талай көмек көрсетіп, жаратылыстану бағыттағы сабақтарды жеңіл түрде түсіндіруге тырысатынбыз. Бірақ, қазір осы мәселені қолға алып, жүзеге асыруды шештік. Себебі, бұл кезеңде өз басымыздан өткен. - дейді, жоба авторлары.
Осыған байланысты арнайы "MegaMath" жобасын ашып, қазіргі таңда көптеген талапкерлермен жұмыс істеп келеді.
Әрбір түлектің негізгі мақсаты грант иегері атану. Өзі армандап жүрген оқу орнына түсіп, белгілі бір маман иесі болу. Арман аясында жүрген түлекке уақытты тиімді пайдалану, білім деңгейін жетілдіріп, нәтижесін, жемісін көру негізделген. Әрине мектеп ұжымы, мұғалімдер барынша қол ұштарын беріп, көмек көрсетеді. Бірақ олардың да кейде, "қағаз толтырумен" қолдары босамайтыны рас. Ал, талапкерге уақыт шектеулі, өтiлген тақырыпты басынан аяғына дейін бір қайталап шығу қаншама уақыт аясы. Марғұлан Ерболұлының айтуынша, кейде осындай мәселелерден оқушы мен мұғалім арасында кикілжің туындап жатады. Сол себептен де, мектеп түлектері арнайы мұғалімдермен ғана шектеліп қалмаулары керек. Мысалы, білімді жетілдіру үшін бір кітаппен шектеліп қалмайсың. Кемінде, 2-3 кітап қажет. Бұл тест сұрақтары да, сол секілді жан- жақтылықты қажет етеді.
"Білімді бесіктен тесікке дейін ізден" дейді, алдына мақсат қойған түлек бұл кезеңге немқұрайлы қарамауы керек. Болашағының жарқын болуы өз қолында. Оқы, оқы және оқы..
