Оқушылар сарайында «Сенімділік серігім!» тақырыбында
Бүгін Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында «Сенімділік серігім!» тақырыбында ерікті жастармен кездесу өтті. Түркістан қалалық мәслихат депутаттары Жұман Жансерік және Абдуллаев Ақиқаттың қатысуымен өткен кездесу барысында қонақтар мен қатысушылар ҚР Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевтың Жолдауының бірнеше бағыттарын талқылап, сайлауалды бағдарламасымен танысты. Жігерлі жастар ел ертеңі үшін сайлауға белсене атсалысатындарын жеткізді.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан қалалық қоғамдық штабының үгіт-насихат жүргізу жұмыстары осымен қаламыздағы бірнеше оқу орындарында жастарға Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын кеңінен түсіндіріп келеді.
Жиын соңында қатысушылар мен қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы маңызды күндерде жұмыла жұмыс жасайтындарын жеткізді
