ОҚО-да жағдайы төмен отбасы балаларына мектепке дайындалуға көмектесуде
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы бірінші сынып табалдырығын аттағалы отырған балаларға арналған қайырымдылық акциясы өтіп жатқанынын хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Акцияны білім басқармасының жастар политикасы, тілдерді дамыту және әкімшілік полиция бөлімдері ұйымдастырды.
Бұл іс- шара мемлекет басшысының жаңа оқу жылына оқушыларды дайындау тапсырмасы аясында өкізілуде.
«Акция екі айға созылады. Осымен биылдыққа сегізінші рет ұйымдастырылуда. Іс-шара мақсаты - жағдайы төмен отбасынан шыққан және жетім балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмектесу. Әлеуметтік көмекпен биылғы жылы бірінші сыныпқа баратын балалар қамтылады»,- деп атап өтті Білім басқармасы жастар саясаты мен тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғалия Жүсіпова.
Акция барысында облыстық үлкен сауда үйлерінде мектепке қажетті құралдар мен киімдер жинайтын арнайы жәшіктер орналастырылды. Сондай-ақ, арнайы бақылау комитеті де құрылды.
Былтырғы жылы дәстүрлі қайырымдылық акция аясында 21 656 бала материалдық көмек алды, соның ішінде 12 918 балаға бюджет есебінен қолдау көрсетілсе, 8 238 бала кәсіпкерлер мен ұйымдар қамқорлығына алынды. Бұл іс-шара аясында биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балаларға көмек көрсетілетін болады.
Сонымен қатар, Тараз қаласында ағымдағы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 1600 оқушыға көмек көрсетіледі деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, егер 2013 жылы Тараз қаласында акциямен - 1300, 2014 жылы - 1500 бала қамтылған, ағымдағы жылы 1600 мектеп оқушысына көмек көрсетіледі. Көптеген меценаттар қатарында бірқатар ұйымдар, кәсіпкерлержәне қарапайым азаматтар бар, олар өздері туралы ешкімге жарияламай-ақ балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға қол ұшын созып келеді.
«Биыл біз қаламыздың барлық кәсіпкерлерінен көмек сұрауды жөн көрдік, оның ішінде мейрамханасы немесе кафесі бар және өзгеде тамақтандыру саласындағыларды тартудамыз. Мектепке қажетті заттар сапалы болуы үшін бір оқушыға көрсетілетін қаржылай көмек 10 мың теңгеден кем болмауы тиіс», – деді Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің бастығы Гүлзия Зауырбекова.
Өткен жылы акция шеңберінде 178 млн теңге материалдық көмекке 22 мыңға жуық бала жаңа оқу жылына дайындалды. Ал, ағымдағы жылы меткеп табалдырығын алғаш рет 26 мың бүлдіршін аттайтын болады.
