Қоғамдық ұйым, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өтті
Кездесуде 10 қаңтар күні өткен Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің және мәслихат депутаттарын сайлаудың нәтижелері мен сайлаудың маңыздылығы талқыланды.
Жиын барысында қатысушылар сайлаудың әділ өткендігін, оны байқаушылардың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы және сайлау учаскелерінде дауыс беру барысында байқағандығын жеткізді. Қоғамдық ұйым мүшелері сайлау нәтижесіне сәйкес «Nur Оtan» партиясын халықтың көпшілігінің қолдап дауыс беруі халықтың болашаққа сенімінің мол екендігін білдіретіндігін де жеткізді. Кездесуде ауданымыздағы түйткілді мәселелер де талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

