Қоғамдық штаб өкілдері"Достық" үйiнде "Аналар кеңесiнiң" мүшелерімен кездесу өткізді
Бүгін ағымдағы жылдың 7 қарашасында Бөрлі ауданының "Достық" үйiнде "Аналар кеңесiнiң" мүшелерімен кездесуге Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлын қолдауға арналған қоғамдық штаб өкілдері кездесу өткізді. Мақсаты- сайлауалды бағдарламасымен таныстыру.
Аналар кеңесiнiң төрайымы- Едгеева Әтір Шайзадақызы мен аудандық мәслихаттың хатшысы - Ермекбаев Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Отырысқа қатысқандар Қ.Тоқаев туралы өз ойларымен бөлісті.
Облыстық "Зерде" қоғамдық қордың төағасы - Төлебаев Қуанышбай Төлебайұлы баршамызды бейбітшілік пен келісімдi нығайта беруге шақырды.
#Тоqaev2022





