Қоғамдық штаб өкілдері Ақсай қаласының №5 мектеп мұғалiмдерi мен қызметкерлерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін қоғамдық штаб өкілдері Ақсай қаласының №5 мектеп мұғалiмдерi мен қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездсуде аудандық мәслихаттың хатшысы- Ермекбаев Қ.Т., ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ерманов Р.Б. сөз сөйлеп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары бойынша өз ойларымен бөлісті. Облыстық "Зерде" атты қоғамдық қордың төағасы- Қ. Т. Төлебаев Президенттiк сайлау туралы өз ойымен бөлісті.
Шақырылған қызметкерлер мен мұғалімдер сайлауға қатысатындарын айтты.
#Toqaev2022




