Қоғамдық штаб №4 жалпы білім беретін орта мектебiнiң мұғалiмдерiмен кездесу өткізді
Бүгін ағымдағы жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауға арналған қоғамдық штабының өкілдері Ақсай қаласы, №4 жалпы білім беретін орта мектебiнiң мұғалiмдерiмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде штаб өкілдері Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен шақырылғандарды таныстырды.
Қ.Тоқаевтың "Елімізде әлеуметтік салаға қаржы бөлу амалсыздан жасалатын шара деген түсінік бар. Мұндай түсінікті түбегейлі өзгертеміз.
Бұдан былай осы салаға бөлінетін қаражат адам капиталына салынатын тікелей инвестиция болып есептеледі. Мемлекеттің азаматтарға жұмсайтын барлық күш-жігері және қаржысы тұрақты әлеуметтік дамуға, экономиканы өркендетуге негіз болады.
Әділетті Қазақстанда білім құндылығы бірінші орында тұрады.
Біз бала тәрбиесіне баса мән береміз. Дарынды, білімді және отаншыл жастар көп болған сайын, халықтың әл-ауқаты да жақсара түседі. Біз оқу-ағарту саласындағы теңсіздікті жою үшін нақты шаралар қабылдаймыз"- деп айтқан сөздері мұғiмдерге жеткiзiлді.
Кездесуге қатысқан мұғалiмдер, сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтынын айтты.



