Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамды әрбір жекелеген адам құрайды.

Үміткерлер сайлаушылардың үйіне барып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттады."Ауданымыз жыл сайын көріктеніп келеді. Бюджеттен миллиондаған ақша бөлінуде. Оның барлығы аудан тұрғындарының игілігіне жұмсалуда. 2020 жылды жақсы қорытындыладық. Ауданымыз облыс бойынша ауыл шаруашылығы саласында үздік атанды. Біздің партия алдағы бес жылға үлкен мақсаттарды, бағдарламаларды түзіп қойды. Аудан көлемінде де көптеген жұмыстар жүзеге аспақ. Ең қуантарлығы бірқатар ауылдарға газ жүйесі тартылады. Көпқабатты тұрғын үйлерді салу, білім ошақтарын көтеруді, ауыз су, ағын су мәселесін шешуді қолға алып отыр. Жолдар жаңарады. Мәдениет үйлері бой көтереді. Ауыл шаруашылығы, денсаулық, білім салаларына басымдық беріледі. Дәрігерлердің, мұғалімдердің айлық жалақысы артады. Халықтың сенімінен шығып, үмітін ақтауды мақсат тұтқан партиямыз осындай жұмыстарды жүргізуді қолға алады. Сіздерді" Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамыз", — десті кандидаттар.

0
0
131

Осы тақырып бойынша

Қоғамды әрбір жекелеген адам құрайды. - Yvision.kz