Қоғамдық мәселе ортақ игілікті іс.
Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының партия жұмысын жандандыруға арналған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында қоғамның партияға сенімін арттыру, ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейту және әлеуметтік желілердің мүмкіншілігін барынша пайдаланып, ашық форматтағы жұмыстарды жандандыру мәселесі қамтылған. Осы орайда бүгін аудандық партия филиалында «Қоғамдық мәселе ортақ игілікті іс» - тақырыбында ауданымыздағы әлеуметтік желі белсенділерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында қазіргі уақыттағы әлеуметтік желі әдебі, фейк ақпаратты анықтау тәсілдері, төтенше жағдайда және басқада оқиғалар кезінде ақпараттарды таратудағы медиа сауыттылық тұрғысында мәселер талқыланды. Жалпы кездесу барысында желі белсенділерінің ұсыныстары барлығы назарға алынды.
