Қоғамдық кеңестің отырысы өтті
2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын бақылау және қадағалау, сондай-ақ отбасының, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық институттармен өзара әрекет етіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында құрылған топтың жұмысымен таныстырды. Кеңестің отырысына Қазақ ұлттық аграрлық-зерттеу университетінің проректоры, «Асыл бала» республикалық қауымдастығы қоғамдық қорының төрағасы Балиева Зағипа Яхяновна қатысып, ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар отырыс барысында «Отбасы банкінің» өкілі Имашева Алмагүл банктің қазіргі таңда жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламалары туралы айтып өтті.
