Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 26 наурызы күні «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филалында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде "Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалар ("Еңбек"," Бизнестің жол картасы-2025" және басқада бағдарламалар) шеңберінде шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша жүргізілген жұмыс бойынша баяндамалар тыңдалып 2021 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды. Отырысқа кеңес мүшелерімен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. -Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде 2020 жылы қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін 1300,2 млн.теңге, оның ішінде микрокредиттер беруге 1280,2 млн. теңге, кепілдік беруге 20,0 млн. теңге бөлінді- деді өз баяндамасында ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары –С. Золоторевич. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау тұрақты түрде жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар, отырыс барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша бизнесті қаржылық емес қолдау (кәсіпкерлік негіздеріне оқыту) бойынша 2020 жылғы жұмыс қорытындыланып 2021 жылға арналған жоспары талқыланды.

-Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шаралары аясында "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша "Бизнес-мектеп" құралы бойынша 2020 жылы 1277 тыңдаушы оқытудан өтті, оның ішінде 563 тыңдаушы офлайн режиміне 714 онлайн оқытудан өтті,-деді Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы А.Шакирова.

0
0
193

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. - Yvision.kz