Қоғамдық Кеңестің кезекті мәжілісі өтті...
"Nur Otan" партиясы Қазығұрт аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
Күн тәртібінде, «Nur Оtan» партиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының аудан аумағында жүзеге асу барысы туралы мәселе қаралды.
Сәйкесінше, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау салалары мен аудандық жер кадастр және тіркеу бөлімі салаларында, сондай-ақ, Қазығұрт, Қақпақ ауыл округтері әкімдерінің 2018, 2019 және 2020 жылдары аралығында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
