Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық кеңестердің отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Меңдешовтың төрағалығымен онлайн-форматта аудандық филиалдың жанындағы қоғамдық кеңестердің отырысы өтті. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының бағыттарының орындалуын бақылауда ұстайтын 8 қоғамдық кеңес құрылды.

1. Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес (төрағасы Е.Тналиев);

2. Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес (төрағасы А.Мырзағалиев);

3. Ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым жөніндегі кеңес (төрайымы А.Айтқалиева);

4. Экологиялық кеңес (төрағасы Д.Коламанов);

5. Партиялық бақылау комиссиясы (төрағасы Н.Оразов);

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес (төрағасы Н.Меңдешов);

7. Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес (төрағасы М.Амантаев)

8. Халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қолдау жөніндегі кеңес (төрайымы И.Классен).

Отырысқа коғамдық кеңес мүшелері, депутаттық фракция мүшелері, тиісті мекеме басшылары қатынасты.

Отырыста қоғамдық кеңестердің күн тәртібі, жылдық жоспарлар мен атқарылған жұмыстар талқыға салынып, тиісті хаттама жасақталды.

0
0
218

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық кеңестердің отырысы өтті - Yvision.kz