Қоғамдық кеңестер отырысы
2021 жылдың сәуір айында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша орындалуын бақылауда ұстайтын 8 қоғамдық кеңестер құрылған болатын.
1. Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес (Төраға А.Шакуов)
2. Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес (Төраға Р.Есенғалиев)
3.Ұлт денсаулығын дамыту, білім және ғылым жөніндегі кеңес (Төрайым С.Өтеғұлова)
4. Экологиялық кеңес (Төраға Қ.Жакупов)
5. Аудандық партиялық бақылау комиссиясы (Төраға С.Молдашев)
6. Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес (Төрайым Г.Даулетова)
7. Жастарды қолддау жөніндегі қоғамдық кеңес (Төраға Қ.Ермеков)
8. Халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қолдау жөніндегі кеңес (Төрайым А.Кенжеғалиева)
Үстіміздегі жылдың мамыр айында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы барлық Қоғамдық кеңестердің отырысы бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматында өтті. Кеңеске «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бекмулдин, қоғамдық кеңестердің мүшелері қатысып, өз ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Кеңес отырыстарында 2021 жылға жоспарланған шаралардың уақында орындалуы мен кездескен мәселелерді шешу бағытында ұсыныстар айтылды. Құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалардың конкурстық іс-шаралардың заң талаптарына сәйкес өткізілуі басты назарда болатындығы ескертілді.


