Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті
«Nur Otan» партиясы жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады және партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында құрылды.
Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
1. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін (көру, есту, мүгедектер арбасы) кедергісіз ортаны қамтамасыз ету туралы.
2. Әлеуметтік қызметтердің порталы бойынша.
3. Жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламалар, оқу және жұмысқа орналастыру бағытында жұмыс жасап жатқан бағдарламалар бойынша.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Гаухар Ауғамбаева және аудандық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Зуайда Абылай баяндама жасады.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі аудандық қоғамдық кеңесінің отырысында күн тәртібінде көрсетілген мәселелер толығымен қаралып, ұсыныстар айтылды.
#бақыттыотбасы #бақыттыотбасықарасайауданы
