Қоғамдық кеңес отырысы
Аудандық филиалы жанындағы «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» жөніндегі Қоғамдық кеңестің онлайн форматында отырысы өтті.
Күн тәртібінде 4 санатты мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жұмысы туралы мәселе қаралды.
«Nur Otan» партиясының «Өзгеру жолы: әркімге лайықты өмір» сайлау алдындағы бағдарламаны орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарға «Кедергісіз келешек» «Nur Otan» партиялық жобаны іске асыру шеңберінде жергілікті жерлерде бұрын жартылай бейімделген әлеуметтік нысандарды 4 санатты мүгедектігі бар адамдар үшін 100% қолжетімді болуы үшін, аудан бойынша 20 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының тізімі бекітіліп, оларға мобильдік топ барып ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізіп, акт жасақтаған болатын. Нәтижесінде күні бүгінге 20 обьектіден тек қана күні бүгінге 4 нысан орындап қалған 16 нысан жартылай ғана орындап, толық аяқтамай отырғанын жеткізді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Сапаров.
Бұл атқарылар жұмыс партияның сайлауалды бағдарламасында болғандықтан міндетті түрде орындалуын аудандық білім беру бөліміне, аудандық денсаулық сақтау бөлімі және осы жұмыстардың орындалу барысын қоғамдық кеңес төрайымы Ж.Батыроваға тапсырды аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов.
