Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық кеңес мүшелерімен «Қандастардың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн отырыс

18 қараша күні «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалы жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен «Қандастардың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн отырыс өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей - «Алыстағы ағайынға ақ тілек» деген айдармен, тарихи зобалаңдардың зардабынан төрткүл дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашырап кеткен қандастарымызды жер бетіндегі жалғыз ортақ Отанымыз Қазақстанға шақырды. Міне соның нәтижесінде 1990 жылдардан бастап әлемнің түпкір-түкпірінен тарихи тағдырмен шет елдерге көшкен қазақ диаспорасы тарихи Отанына оралуда. Қазіргі таңда да сол шеттен қоныс аударғысы келетін отандастардың саны көбеймесе азайып отырған жоқ» - делінген. Қоғамдық кеңес мүшелерімен, іс-шараға қатысушылар өз ара пікір алмасып, тақырыпты талқылады. Онлайн отырысқа «Nur Otan» партиясы «Алматы» аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхаммеджан Әбдіәшімұлы, «Бақкелді – 2012» ЖШС-нің директоры сондай-ақ, бас дәрігер Толқын Аханұлы және қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

1
0
143

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық кеңес мүшелерімен «Қандастардың өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн отырыс - Yvision.kz