Қоғамдық кеңес экологиялық мәселелерді талқылады
Еске салар болсақ өткен айда өңірімізде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының орындалуын қадағалауға арналған әртүрлі бағыттағы 12 қоғамдық кеңестері құрылған болатын.
Отырыс барысында «Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және өңірдің орман ауқымын ұлғайту мәселелері қаралды.
Жиынға «Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.В. Чугунков, ШҚО аймақтық экологиялық Қоғамдық кеңесінің төрайымы Т.В.Чернышова, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А.Н. Есентаев және кеңес мүшелері қатысты.Сонымен қатар аудан қалалардағы қатысушылар санитарлық-эпидемологиялық ахуалды ескере отырып онлайн қосылды.
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар бүгінгі таңда экология мәселесіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, 2021 жылға арналған Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын бекітті.
