Қоғамдық бірлестіктермен оn-line кездесу
Халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және орындау, мүмкіндігі шектеулі адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мақсатты аудиторияның хабардар болуын арттыру мақсатында, Департаменттің әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің мамандарымен бірлесіп ағымдағы жылдың 07 тамызында "Сәби-Арқалық" қоғамдық бірлестіктерінің, "Аманат" Арқалық ерікті мүгедектер қоғамы" ҚБ, "Лисаков мүгедектердің ерікті қоғамы" филиалы, "Рудный мүгедектердің ерікті қоғамы" ҚБ өкілдерімен "Мүгедектіктің өзекті мәселелері" on-line конференциясын өткізді. Конференция жұмысына халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы А.Р. Дощанова, МӘС мамандандырылған бөлімінің басшысы Б.М. Досмұхамбетова және Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Р. Айтуарова қатысты.
Қалалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері карантин жағдайындағы сауықтыру ұйымдарының қызметі, оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау, оңалтудың ұсынылатын техникалық құралдарының сапасы, әлеуметтік қызметтер порталының қызметі бойынша сұрақтар қойды, мүгедек балалардың аналарынан көптеген сұрақтар келіп түсті. Қойылған сұрақтарға Департамент пен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары жауап берді.
-----------------------------------------------------------------
С целью повышения информированности целевой аудитории по вопросам оказания государственных услуг в сфере социальной защиты населения, разработке и исполнению индивидуальных программ реабилитации инвалидов, обеспечению законных прав и интересов лиц с ограниченными возможностями, специалисты отдела методологии и контроля Департамента совместно со специалистами ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» 07 августа текущего года провели on-line конференцию «Актуальные вопросы инвалидности» с представителями общественных объединений «Саби-Аркалык», ОО «Аркалыкское добровольное общество инвалидов Аманат», филиал «Лисаковское добровольное общество инвалидов», ОО «Рудненское добровольное общество инвалидов». В работе конференции приняли участие руководитель отдела в сфере социальной защиты населения Дощанова А.Р, руководитель специализированного отдела МСЭ Досмухамбетова Б.М. и Уполномоченный по этике Департамента Айтуарова А.Р.
Представители городских общественных объединений озвучили вопросы по деятельности оздоровительных организаций в условиях карантина, исполнению индивидуальных программ реабилитации, качеству предоставляемых технических средств реабилитации, деятельности портала социальных услуг, поступили многочисленные вопросы от матерей детей – инвалидов. На поставленные вопросы были даны ответы специалистами как Департамента, так и Управления координации занятости и социальных программ.
