Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Қоғамдық бірлестіктермен кездесу

Мүгедектікті белгілеу, мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларын әзірлеу және орындау мәселелері бойынша мақсатты аудиторияның хабардар болуын арттыру мақсатында Департаменттің әдіснама және бақылау бөлімінің мамандары "Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің мамандарымен бірлесіп ағымдағы жылдың 06 тамызында Денисов, Жітіқара, Науырзым және Сарыкөл аудандарының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерімен "Мүгедектіктің өзекті мәселелері" on-line конференциясын өткізді. Конференция барысында мүмкіндігі шектеулі адамдардың медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге және мүгедектерді оңалту құралдары мен қызметтерімен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер бойынша жиі өтініштері айтылды.

Кездесу белсенді өтті, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен карантин жағдайында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу туралы, сондай-ақ оңалту бағдарламаларын түзету мүмкіндігі, ұсынылатын техникалық оңалту құралдарының сапасын жақсарту туралы сұрақтар келіп түсті, қойылған сұрақтарға Департаменттің және Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары жауап берді.

--------------------------------------------------------------

С целью повышения информированности целевой аудитории по вопросам установления инвалидности, разработке и исполнению индивидуальных программ реабилитации инвалидов, специалисты отдела методологии и контроля Департамента совместно со специалистами ГУ «Управление координации занятости и социальных программ акимата Костанайской области» 06 августа текущего года провели on-line конференцию «Актуальные вопросы инвалидности» с представителями общественных объединений Денисовского, Житикаринского, Наурзумского и Сарыкольского районов. В ходе конференции озвучены наиболее частые обращения лиц с ограниченными возможностями по вопросам, касающимся проведения медико-социальной экспертизы и обеспечению инвалидов средствами и услугами реабилитации.

Встреча прошла активно, от представителей общественных объединений поступали вопросы как о проведении медико-социальной экспертизы в условиях карантина, так и о возможности коррекции программ реабилитации, улучшению качества предоставляемых технических средств реабилитации, на поставленные вопросы были даны ответы специалистами как Департамента так и Управления координации занятости и социальных программ.

0
0
280

Осы тақырып бойынша