Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдаудың маңызы зор

Қоғамдық қабылдаудың маңызы зор.

Бүгін 20 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдау жүргізді. Ауданымызда қалыптасқан санитарлық эпидемиологиялық жағдайға байланысты қоғамдық қабылдау онлайн форматта өткізілді. Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы да түскен сұрақтарға заң аясында жауаптар жазылды.Қабылдау барысында түскен өтініштер негізінен тұрақты жұмысқа орналастыру,тұрғын үй кезегіне байланысты мәселер болды.

Тұрғындардың сауалына тиісті жауабын берген партия филиалы төрағасы Әлия Биғазықызы аудан бойынша партияның алдағы бес жылдыққа арналған бағдарламасының негізгі бағыттары туралы да атап өтті.Басты мақсат аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz

0
0
110

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдаудың маңызы зор - Yvision.kz