ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдауда оң шешімін тапқан мәселе

2021 жылдың 20 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қ.Айтмұхамбетовтың қабылдауында Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, А.Есенжанов көшесі, 65 үй тұрғыны Айтмағамбетова Индира көп балалы ана, 5 баласы бар. Жалдамалы үйде тұрады. Отынмен көмектесуді сұрап өз өтінішін айтып келген болатын. Қ.Айтмұхамбетов Чапаев ауылдық округінің әкімі Н.Нәбиденовке тұрғын үйіне барып жағдайын анықтап, отынмен қамтамасыз ету тапсырмасы берілді. Өтініш иесінің мәселесі 2021 жылдың 23 ақпан күні оң шешімін тапты.