Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау жүргізілді

«Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, азаматтарды жеке мәселелері бойынша Алматы облыстық мәслихат депутаты Жалғасхан Донбаев қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген Әйтей ауылының тұрғыны, жалғызбасты ана әкімдік тарапынан бөлінген жер теліміне құрылыс жүргізу үшін көмек сұрап келді. Қабылдауға келген екінші азаматша, Ұмтыл ауылдық округінен келген көпбалалы ана, пәтерінің айлық ақысын төлей алмай отырғанын айтып келді. Сондай-ақ Қаскелең қаласының №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футбол спортынан жаттықтырушысы, балаларға спорттық арнайы киім мен футбол доптарымен көмек көрсетуді сұрады.

Қабылдауға барысындағы тұрғындардың өтініштері ескеріліп, алдағы уақытта көмек көрсетілетінін жеткізді.

#халыққакөмек #халыққакөмекқарасайауданы

#бақыттыотбасы #бақыттыотбасықарасайауданы

0
0
255

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау жүргізілді - Yvision.kz