Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қоғамдық қабылдау» жұмысы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қолдауымен 2017 жылдың 02 маусымда «Азаматтық бақылау» жобасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қоғамдық қабылдау» жұмысын бастады.

Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және Әдеп кодексінің сақталуы туралы кеңестер беру.

Алғашқы қабылдауды Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Б. Исақов жүргізді. Қоғамдық қабылдауға жастар және кәсіпкерлер келді. Жастарды мемлекеттік қызметке кіру мәселесі толғандырса, кәсіпкер мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ашықтылығы жөнінде жолықты.

Қоғамдық қабылдау өз қызметін одан әрі аптаның сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күнделікті негізде жұмыс жасайды. Толғандырған мәселелер бойынша халықты қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағ. 15.00-17.00 аралығында мемлекеттік органдардың басшылығы қабылдаулар жүргізетін болады.

«Қоғамдық қабылдау» орнының мекен-жайы: Орал қаласы, Т.Масин көшесі, 67-үй, 1 қабат. Байланыс мәліметтері: 330511, 8 708 433 05 11.

 
0
0
344

Осы тақырып бойынша

«Қоғамдық қабылдау» жұмысы - Yvision.kz