Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау өтті.

2021жылдың 12 наурызында Күршім аудандық мәслихат депутаты Потанина Надежда Александровна азаматтарды жеке мәселелері бойынша Бурабай ауылында көшпелі қабылдау жүргізді.

Қабылдау кезінде депутатқа Абай ауылдық округінің тұрғыны Н.Ибраева жайылым мен шабындық жер мәселесі, Б. Муратова ұялы байланыс мәселесі бойынша, Ж.Турсунканова Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша өтініштерін білдірді.

Депутат Н.Потанина тұрғындарының өтініштеріне толық түсіндірме жауаптар берді және тиісті құрылымдарға депутаттық сауалдар жолданатын болады деп айтты.

0
0
115

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау өтті. - Yvision.kz