Қоғамдық қабылдау өтті
Қоғамдық қабылдау өтті.
Осы аптаның сейсенбі күні «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында төрағаның бірінші орынбасары Байтенова Светлана Ешматқызы қоғамдық қабылдау өткізіп, аудан тұрғындарының мазалап жүрген мәселелер мен сауалдарға жауап берді. Тұрғындар, негізінен, медициналық көмек алу, “дипломмен ауылға”бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасу және басқа да мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Қолға алған істері түрлі себептерге орай тиянақ таппағандықтан «Нұр Отанды» арқа тұтып, бір көмектің болатынына сеніп келеді. Сондықтан партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын өз деңгейінде жүргізу аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді. WhatsApp желісі арқылы Алмаз ауылының тұрғыны бірінші топ мүгедегі З.Дербисовқа қатысты материалдық көмек бойынша мәселеге қатысты өтініш оң шешімін тапты. Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп, тиісті шешімін табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан, партиямызға халық сенімі жыл сайын арта түсуде. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz
