ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдау өтті.

“Nur Otan» партиясында жергілікті тұрғындардың ең көп келетін жері – Қоғамдық қабылдау бөлмесі. Сондықтан партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысын өз деңгейінде жүргізу аса төзімділікті, кәсіби біліктілікті, жан-жақты сауаттылықты талап етеді. Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп, тиісті шешімін табуын қарастыру – партияның басты бағыттарының бірі болғандықтан, партиямызға халық сенімі жыл сайын арта түсуде. Әсіресе, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен қоғамдық қабылдаулар аудан тұрғындарының оң пікірін арттыра түсіп, олардың көкейіндегі сұрақтарға көзбе-көз жауап алуларына жол ашты.Бүгін қоғамдық қабылдау өткізген аудандық мәслихат хатшысы,аудандық мәслихат депутаты Сағын Қазиев түскен өтініштер негізінде аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Қайрат Төлегеновты,аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бауыржан Наурызалиевті,аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрлан Садыковты шақырды.Қабылдауға аудан тұрғындары Бейбіт Үмбеталиев пен Абзал Тугарисов келді. Көтерілген мәселе ағаш отырғызу және мал жайылымы үшін жер телімін бөлу.Аталған мәселелер бойынша тиісті мекеме басшылары заң аясында түсіндірді. #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz