Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау өтті

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалы бұл күндері қоғамдық қабылдау ісін жүйелі жүргізуге ерекше назар аударуда. Жоспарға сәйкес ай сайын аудандық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік атқарушы органдардың басшылары мен консультативтік-кеңесші органдардың мүшелері дәстүрлі қабылдаулар өткізіп тұрады. Бұл жолы азаматтардың жеке және қоғамдық мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау аудандық партия филиалында онлайн және офлайн форматта өтті. Қоғамдық қабылдауға келгендер бірінші кезекте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тұрақты жұмысқа орналастыру мәселері жайлы сөз етті. Қоғамдық қабылдауды аущандық мәслихат хатқысы,аудандық мәслихат депутаты Сағын Самиғоллаұлы Қазиев жүргізді.#NurOtan #қоғамдыққабылдау

0
0
151

Осы тақырып бойынша

Қоғамдық қабылдау өтті - Yvision.kz