Қоғамдық қабылдау өткізілді
Сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық маслихат депутаттығына үміткер, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Ж.Амантурлин тұрғындарды қабылдады. Қабылдау барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
