ru
Default banner
Новости
Новости
5 923 жазбалар424 тіркелуші
Актуальное и интересное со всего света
0

Қоғамдық қабылдау онлайн форматта өткізілуде

Бүгін облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Бисенов Азамат облыс тұрғындарын онлайн қабылдады. Онлайн-қабылдауға қосылған әрбір азамат назардан тыс қалмады, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.

Облыстық мәслихат депутаты халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау, сондай-ақ жұмыспен қамту жөнінде толық анықтамалық түсініктемелер берді.

Әрбір мәселе бойынша істің барлық мән-жайлары анықталды, қажет болған жағдайда мемлекеттік құрылымдардың мамандары тартылды. Мамандардың кеңестері немесе басқа ведомстволардың жауаптары қажет болатын өтініштер қабылданып, жауаптары міндетті түрде өтініш берушілерге жіберілетін болады.

Облысымыздың коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл аймаққа" кіруіне байланысты "Nur Otan" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаттарының қабылдауы бейнебайланыс немесе телефон арқылы өткізілетін болады. Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8 (7112) 24-44-77, +7 777 228 0372

@nur_otan @baibekbk

#NurOtan #BizBirgemiz #Tanday2021