ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық қабылдау-қоғам үшін

Қоғамдық қабылдау-қоғам үшін.

Бүгін “ Nur Otan" партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының ғимаратында облыстық мәслихат депутаттары Бибігүл Тишанқызы Қонысбаева мен Азамат Ғимранұлы Бисенов қоғамдық қабылдау өткізді.Қабылдау өтетіні жөнінді әлеуметтік желіде хабарландырулар берілген болатын.Бүгінгі таңда әр бағыттағы түрлі сұрақтардың көтерілетін жері осы Қоғамдық қабылдау бөлмесі.Сонымен қатар тұрғындардың қоғамдық қабылдауға келуі халықтың партияға деген сенімінің арта түскендігімен де байланысты.Қабылдауға келген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Самиев,қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы М.Бекжанов,аудан тұрғындары С.Имашев,Т.Жұбаниязов,Н.Тугарисов,Т.Қалиев,З.Абилованың өтініш-сауалдарына байланысты жауаптар берілді.Әр өтінішке байланысты облыстық мәслихат депутаттары Б.Қонысбаеваның,А.Бисеновтың тарапынан талдау жасалды.Анықтамалар заң аясында берілді.Барлық өтініштерге дер кезінде көңіл бөлініп,тиісті шешімін табуын қарастыру-“Nur Otan”партиясының басты бағыттарының бірі болғандықтан,партиямызға халық сенімі жыл сайын арта түсуде.Бүгінгі қоғамдық қабылдау да ашық түрде өтті.Қабылдауға келген азаматтар облыстық мәслихат депутаттарына ризашылықтарын айтып,мәселелерге қатысты тұшымды жауаптары үшін алғыстарын білдірді.Халықтың сенімі-бұл партияның ең басты мақсаты.