Қоғамдық қабылдау басталды
12-желтоқсан күні Жаңақала аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады. Бүгіннен бастап 2021-жылдың 8-қаңтарына дейін партия тізіміндегі кандидаттар азаматтарды қабылдайды.
Бүгін облыстық Мәслихат депутаттығына үміткерлер - Досумхамбетов Алихан Декартович пен Ермекқалиев Алтынбек Серікқалиұлы қоғамдық қабылдау жүргізді.
Құрметті аудан тұрғындары! Қоғамдық қабылдауға жазылу үшін 8711-41-21-8-83 жұмыс телефонына хабарласа аласыздар.
