Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Азамат Ғимранұлы тұрғындарды қабылдады

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат депутаты Бисенов Азамат Ғимранұлы тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді. Қабылдау барысында Байтерек ауданының тұрғыны, 7 баласы бар оралман ана келді. Анамыздың апатты жағдайдағы 2 бөлмелі үйі бар екен. Тұрғынымыздың үйі туруға жарамсыз жағдайда болғандықтан, өткен жылы жаңа үйдің іргетасын қаланған болатын. Қазіргі уақытта көпбалалы анамыздың отбасында үйдің құрылысын әрі қарай жалғастыруға құрылыс құралдарымен қаражат жеткіліксіз болып тұр. Тұрғынымыз облыстық маслихат депутатынан қазіргі үйдің құрылысына, құрылыс құралдарымен материалдық көмек көрсетуін немесе көпбалалы отбасы ретінде тұрғын үй кезегіне тіркелуге көмек көрсетуін сұрап келді. Тұрғынымыздың барлық байланыс деректері жазылып алынып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданып, мәселені депутаттық бақылауға алынды.

Бисенов Азамат келген барлық тұрғындардың өтініштерін тыңдап, қолданыстағы заңдарға сәйкес түсініктеме мен консультативтік-құқықтық кеңес берді.

0
0
294

Осы тақырып бойынша