Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Бүгін AMANAT партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Мұқаев Мұрат Рахметұлы азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдау барысында жеке меншік жер учаскесінің үстінен заңсыз екі жоғарывольтті электр сымы тартылған 73 жастағы зейнеткер қария келді. Қарияның айтуынша, үй салынған кезде бұл электр сымдары болмаған, кейіннен тартылған. Меншік иесі ретінде де бұл сымдарды өткізуге не жауапты мекемелер де, не электр сымдарын өткізген азамат та рұқсатын алмаған болып шықты. Ендігі кезекте, бұл сымдардың вольті тым жоғары болғандықтан өмірге де қауіпті және де үйінің төбесі құлап, қиын жағдайға тап болған. Осы үйді бұзып, жаңа үйдің құрылысын бастайын десе, жер участогінде жоғары вольтті электр сымдары бар деп жауапты органдар рұқсат бермей отыр. Желаев ауылының әкімдігіне де, Батыс Қазақстан облысы бойынша атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментіне барып, өтініш те жазған, басшысына да жолыққан. Бірақ ешқандай тұшымды жауап айтылмаған.

Мұрат Рахметұлы өз кезегінде, қариядан барлық мән-жайды біліп, Батыс Қазақстан облысының заң консультанттары палатасының төрағасы, заңгер Ренат Телеупов және облыстық филиалдың заңгерлерімен бірігіп, аталған мәселе бойынша Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басқармасына хат дайындап, жолдайтын болады.

Сонымен қатар, қабылдауға 21 мектептің кіреберіс жағын ауыстыру бойынша 21 мектептің ата-аналары мен сол мектептің маңында тұратын тұрғындар келді. Олардың айтуынша, ол мектепте бірнеше кіреберіс жолдары бар екен. Бірақ Ықсанов көшесі жағынан кіреберіс дұрыс қойылмаған. Себебі ол кіреберісте таңнан кешке дейін ата-аналардың көп келуінен көліктер қаптап келуде. Осының салдарынан тұрғындарға жеке көліктерімен ол жерден шығу мүмкін емес жағдай туғызып отыр. Осы мәселе бойынша бүгін қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов және ата-аналармен бірге сол мектептің жайымен танысып, білу үшін мектеп директорына жолығатын болады.

Келесі болып денсаулық мәселесі бойынша қала тұрғыны келді. Қанша облыстық денсаулық сақтау басқармасына, қала әкімдігіне барса да мәселесі әлі шешім таппаған екен. Бұл сұрақ бойынша тұрғын әлеуметтік мәселелер бойынша тұрақты комиссияның төрайымы, облыстық мәслихат депутаты Алия Салиеваның қабылдауына жазылды.

0
0
236

Осы тақырып бойынша