Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға үй жағдайына байланысты көмек сұрап жалғызбасты ана келді. Тұрғынның айтуынша үй құжатты жолдасы қайтыс болғаннан кейін өзінің атына аумай қалған. Келесі болып үйі апаттық жағдайда тұрғанын айтып зейнеткер әже келді. Тұрғынның айтуынша үйі апатты күйде болғандықтан, барлық есік-терезелері жөндеуден өтпеген. Ауа-райының өзгеруіне байланысты үйдің іші суық. Партия тарапынан бір көмек болар деп, өтінішін ала келді. Келесі болып, ауыл тұрығындары тұрақты жұмыс мәселесімен жолықты. Мәселелер бойынша мекеме басшыларына тапсырмалар беріліп тұрғындарға толық түсінік берілді.

0
0
162

Осы тақырып бойынша