Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қоғамдық қабылдау

Қыркүйек айында Теректі аудандық партия филиалында аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар басшыларының 19 қабылдау өтті, 23 адам қыбылданды. Қабылдаулар ішінде заңгер көмегі, «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында ерекше жандарды біріңғай қабылдаулары өткізілді.

Сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үй, жер телімдері, жұмысқа орналастыру болды.

Жұмысқа орналастыру бойынша келген жас мұғалімдер жұмыспен қамту орталығы арқылы аудан мектептеріне жолдамалдар алды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшысы Р.Мусиннің қабылдауына ауыл ішінде ірі-қара малдың бос жүргені бойынша түскен шағым бойынша малдың қожайыны анықталып, ескерту берілді.

Қабылдауға айтылған өтініштер мұқият қаралып, нақты және заңды түрде түсіндіріледі.

0
0
166

Осы тақырып бойынша