Қоғамдық қабылдау
Бүгін Казталов аудандық мәслихатының депутаты, Халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдау, отбасы мәселелері, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы Кенжеғалиева Асыл Жүсіпқызы қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауда ауыл тұрғындары жұмыс жөнінде өтініштерін жеткізді.

