Қоғамдық қабылдау
Бүгін "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы,аудан әкімі Альберт Есалиев қоғамдық қабылдау жүргізді. Қабылдауда азаматтар партияның аудандық филиалының төрағасына тұрғын үй, құрылыс материалдары және жер мәселесі жөнінде өтініштерін жеткізді. Альберт Темірболатұлы азаматтардың мәселелерін назарға ала отырып,өтініштердің маңыздылығына қарай жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар төраға азаматтардың өтініштерінің қанағаттандырылуы және орындалуы өзінің бақылауында болатындығын жеткізді.

