Қоғамдық қабылдау
Қоғамдық қабылдау .
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары,аудандық мәслихат депутаты Байтенова Светлана Ешматқызы аймақта короновирустық жағдайдың күрделенуіне байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарымен онлайн және WhatsApp желісі арқылы жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан тұрақты жұмысқа орналасу,баласын балабақшаға орналастыру ,”жасыл ел”бағдарламасына қатысу мәселелерін алға тартты.Барлық өтініштерге сәйкес құзырлы мекеме басшыларымен хабарласып,заң аясында түсінік берілді.”Nur Otan”партиясы тұрғындар көтерген мәселелерді назарда ұстайтын болады.
